2024 жылы Ұлттық қордан қанша бала төлем алады?
Қаржы министрлігі 2024 жылы қанша балаға білім беру немесе тұрмыс жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордан төлем алатынын есептеп шығарды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Ұлттық қордың бюджеттік кредиттеу және Қаржы министрлігінің Қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазиновтың айтуынша, бастаманың негізгі идеясы – өскелең ұрпаққа ұлттық байлықты бөлу.
– 2024 жылы алдын ала есептеулер бойынша 250 мыңнан астам жас қазақстандық оқу ақысын төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалана алады, – деді Арғынғазинов.
Коллаж: ulysmedia
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.