English version

«320 млн теңге»: Қайрат Сатыбалдыұлының туысына іздеу жарияланды

Контекст дня — 19 ноября 2022 14:00
0 -1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының туысы Бақтияр Байсейітовке іздеу жариялады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы) және «Iri building» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты 2019-2021жж. кезеңінде Қаратау кенішінде (Түркістан облысы Созақ ауданы) қызмет көрсету кезінде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында Байсейітов Қ. Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компанияны «Iri building» ЖШС лоббилендіріп отырғаны анықталды. «Қаратау» ЖШС кәсіпорны мен квазимемлекеттік сектор субъектісімен 2019 жылы «Қаратау» кеніші бойынша 6,2 млрд. теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасасты.

– Б.Байсейітов «Iri building» ЖШС қызметін тікелей басқарып, объектінің құрылысына түсетін ақшалай қаражатты бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмеді, ал оған арналған қаражат заңсыз шығарылып ұрланған. Мемлекетке келтірілген залал 320 млн. теңгеден асты. Қазіргі уақытта Б. Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде. Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған және оған іздеу жарияланды, – деп жазылған хабарламада.

Аталған адамның өзге де қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Изображение 1 для «320 млн теңге»: Қайрат Сатыбалдыұлының туысына іздеу жарияланды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.