English version

63 миллион теңге бөлінген теледебат қалай өтті?

Контекст дня — 12 ноября 2022 17:10
0 -1

11 қараша күні президенттікке үміткерлер арасындағы 63 миллион теңге бөлінген 80 минуттық теледебат өтті.

Пікірталасты «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Теледебат төрт раундтқа бөлінген:

Бірінші раунд «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы»;
Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы»;
Үшінші раунд «Сайлаушылардың сұрақтары»;
Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл теледебатқа қатыспайды. Теледебатта Тоқаевтың орнына Ерлан Қошанов қатысты. Бірінші болып сөз алған Мәжіліс төрағасы Тоқаевтың бағдарламасын таныстырды.

Қошановтың айтуынша, Тоқаев президент болып сайланса елдің саяси жүйесі түбегейлі қайта қаралатын болады. Объективті сот төрелігі қамтамасыз етіліп, әлеуметтік мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады. Сондай-ақ 3 миллионнан астам адамды жұмысқа орналастынын және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасайтынын айтты.

Келесі сөз кезегі Қарақат Әбденге берілді. Президенттікке үміткер әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, ана мен бала, келешек ұрпақ үшін әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету туралы айтып, бірқатар уәделер берді.

Кейінгі сөз кезегі Жигули Дайрабаевқа тиді. Дайрабаев барлық азаматтардың қазақ тілін үйренуіне жағдай жасау жоспарын жариялады.

– Біз ауылдағы адамдарды құрметтемейтін деңгейге жеттік, біз қарапайым жұмысшыны құрметтеуді қойдық. Мұның бәрін қайта жандандыратын уақыт келді. Біздің заңымыздың негізгі қағидасына сәйкес билік те, байлық та халыққа тиесілі, – деді Дайрабаев.

Мейрам Қажыкен білім беру жүйесін реформалауды және тегін оқытуды ұсынды. Оның пікірінше, жалақы жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ әйелдердің зейнет жасы төмендету туралы ұсынысын айтты.

Келесі үміткер Салтанат Тұрсынбекованың пікірінше, әлеуметтік мәселелер бірінші кезекте шешілуі тиіс. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін қайта қарау, кедейлікпен күрес бағдарламасын әзірлеу керектігін алға тартты.

Нұрлан Әуесбаев саяси реформалар туралы мәселе көтерді. Әуесбаевтың басты талабы – бір палаталы Парламентпен парламенттік-президенттік республика құру.

Коллаж: Адырна

Изображение 1 для 63 миллион теңге бөлінген теледебат қалай өтті?

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.