Елбасы тұсында халықаралық деңгейдегі бай адамдар тобы пайда болды – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында сөз сөйлеп, үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. Президент утилизациялық алымнан түскен қаржы аударылатын «Оператор РОП» компаниясының жұмысын тоқтатуды тапсырды.
— Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметіне байланысты сауалдар көп. Бұл жеке компанияға қарсы тіпті қандай да бір қоғамдық қозғалыс та құрылған. Үкіметке утилизациялық алымды жою үшін шара қолдануды тапсырамын, — деді Тоқаев.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев билікте болған уақытта халықаралық деңгейдегі байлар тобы пайда болғанын айтып, «халыққа тиесіні халыққа беретін уақыт келді» деп мәлімдеді.
— Бірінші президент — Елбасы тұсында өте табысты компаниялар мен халықаралық деңгейдегі бай адамдардың тобы пайда болды. Халыққа тиесіні халыққа беретін, жүйелі түрде көмектесетін уақыт келді. Үкімет тиісті компанияларды анықтап, олармен «Қазақстан халқына» қорына аударатын салымдарын анықтауы тиіс, — деді мемлекет басшысы.
Комментариев пока нет