ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, 1 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 939,3 миллиард теңгеден астам зейнетақы төленген.
Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, әрбір алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.
— 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 245 мың адамды құрайды. Базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 1 мамырға 105 193 теңгені құрады, — делінген хабарламада.
Бұл ретте зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтарға ынтымақты жүйеде жинақталған еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер қосылады.
Комментариев пока нет