Антикор парамен ұсталған Мырзахметовке қатысты мәлімдеме жасады
10 мамыр күні «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметов ұсталды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді.
– Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет