Экс-депутат Әлтаев 12 жылға сотталуы мүмкін - Exclusive
Поддержать

Экс-депутат Әлтаев 12 жылға сотталуы мүмкін

Прокурор бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевты 12 жылға соттауды сұрады. Бұл туралы «Ел тірегі» партиясының жетекшісі, заңгер Гүлшат Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Әлтаев “аса ірі көлемде пара алу” бабы бойынша күдікке ілінген еді. Алайда депутат өзіне тағылған айыптарды мойындамады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұржан Әлтаев 2018-2020 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі және мәжіліс депутаты болған кезінде 50 миллион теңгеге жуық пара алғанын хабарлады.

Айта кетейік, іс бойынша сот отырыстары жабық өтіп жатыр.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *