АҚШ Ресей және Қытаймен соғысуы мүмкін – Киссинджер
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер Америка Ресей және Қытаймен соғысуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы 99 жастағы саясаткер The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.
– Біз Ресей және Қытаймен соғыс алдында тұрмыз, бұл жағдайдың қалай аяқталатыны белгісіз, – деді АҚШ-тың бұрынғы басшысы.
Дипломат АҚШ-тың қазіргі басшылығына шиеленісті күшейтпеуге, жағдайды шешудің нұсқаларын іздеуге кеңес берді.
Сондай-ақ, Киссинджер соғыс жағдайынан кейін Украинаны ресми түрде НАТО мүшесі деп санау керек екенін айтты. Киссинджердің пікірінше, Украинадағы соғыс аяқталғаннан кейін Донбасстың бөліктері Ресей құрамына енеді.
Фото: ЭКД
Комментариев пока нет