Ақтөбеліктер Юрий Шатуновпен қоштасты - Exclusive
Поддержать

Ақтөбеліктер Юрий Шатуновпен қоштасты

Бүгін таңғы сағат 10-нан бастап Орталық стадион маңына Юрий Шатуновтың жанкүйерлері жиналды.

Орындықта әншінің портреттері, гүлдер бар. Шатуновтың әндері қойылған, жиналғандар «белые розы» және «седая ночь» әндерін айтты.

Диапазон басылымынын хабарлауынша, жиналғандар әншімен жылап қоштасқан. Олардың арасында отбасымен келгендер де бар.

Бүгін Мәскеу халқы «Ласковый май» тобының бұрынғы солисті Юрий Шатуновты ақтық сапарға шығарып салды. Әншімен қоштасуға келгендердің қарасы қалың.

Ласковый май тобының бұрынғы әншісі 23 маусымда қайтыс болды, ол 48 жаста еді. Әншіні құтқаруға тырысқан Домодедоводағы аурухананың бас дәрігерінің айтуынша, Юрий Шатунов клиникалық өлім жағдайында келген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ Юрий Шатуновты құтқару мүмкін болмады.

Фото: Диапазон




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.