Ақтөбе: Рахмонов су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеседі
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға үшін үй салуға көмек қолын созады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Спортшы Қобда ауылына барып, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ зардап шеккендерге көмектесетінін айтты.
– Осындай керемет күнде ауылда 24 үйдің құрылысы басталды. Мен де осы бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. Апат айтып келмейді. Сынақтан сынып кетпей, көтере білгендеріңізді мақтан тұтамын, – деді Рахмонов.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жекте американдық Джефф Нилді жеңіп, UFC турниріндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Сондай-ақ спортшыны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуге шақырды.
Фото: sputnik
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.