Қаңтар оқиғасы: ҰҚШҰ әскері оқ үлгілерін Қазақстанның оқ-гильза қоймасына өткізбеген
Қаңтар оқиғасы: ҰҚШҰ әскері оқ үлгілерін Қазақстанның оқ-гильза қоймасына өткізбеген, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.
Қаңтар оқиғасын зерттеген «Халықаралық құқықтық бастама» өкілдері 2022 жылдың басында Қазақстан қорғаныс министрлігіне сауал жіберіп, оқ үлгілері туралы сұрағаны белгілі болды.
Қазақстан қорғаныс министрлігі «өзге елдердің қарулы күштері мұны жасауға міндетті емес» екенін айтқан.
«Халықаралық құқықтық бастама» заңгері Амангелді Шорманбаевтың айтуынша, бұл «Қазақстан заңнамасы бойынша міндетті процедура» дейді.
Айта кетейік, 2022 жылдың 2-ші және 11-ші қаңтары аралығында Қазақстанда Қаңтар оқиғасы орын алды. Оның салдарынан ресми дерек бойынша 238 адам қаза тауып, бірнеше мың адам түрлі дәрежеде жарақат алған еді.
Фото: sputnik



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.