Қаңтар оқиғасында туыстары қаза тапқан азаматтар Ақорданың алдына жиналды
Қаңтар оқиғасы кезінде туыстары қаза тауып, кейін сотталған марқұмдардың туыстары Астанаға келіп, Ақордаға бармақ болды. Оларды арнайы жасақ тоқтатты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.
Олар жақындарының толық ақталуын талап еткен. Ақордаға бармақ болған бір топ азаматты арнайы жасақ бөгеп, жібермеді. Наразылық білдірген азаматтар жақындарын толық ақтауды және 5 қаңтарды қаралы күн деп жариялауды талап етіп отыр.
Кейін наразы топты арнайы жасақ автобусқа күштеп отырғызып, алып кетті.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.