Аймағамбетов Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды
Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылып, Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
– Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылсын, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды.
– Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалсын, — делінген президент жарлығында.
Комментариев пока нет