Алматы қалалық соты Төребаевқа қатысты шешім шығарды - Exclusive
Поддержать

Алматы қалалық соты Төребаевқа қатысты шешім шығарды

Вайнер Мейіржан Төребаевты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

– 17 тамызда күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды, – деп хабарлады қалалық сотта.

10 ақпан күні Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

11 сәуірде қаржы пирамидасының салымшысы Астанадағы ІІМ ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев болған оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *