Ya Metrika Fast


English version

Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Контекст дня — 9 января 2024 14:50
0
Изображение 1 для Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған, – деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.