Ya Metrika Fast


English version

Алматы облысының судьясы пара алды деген күдікке ілінді

Контекст дня — 24 марта 2023 15:35
0
Изображение 1 для Алматы облысының судьясы пара алды деген күдікке ілінді

Антикор Алматы облысының судьясы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүргізуді бастады, деп хабарлайды Exclusive.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деп күдіктенеді, – деп жазылған хабарламада.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Конституцияның 77 — бабы 3-тармағының 1 тармақшасына және Қылмыстық-процесстік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінә соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.