Алматы: Полиция стендап-комиктің даулы пікірін тексереді
Алматы полициясы әйелдерге тіл тигізді деген стендап-комик Анди Топалидистің сөздерін тексереді.
Стендапердің сөзі әлеуметтік желіде кең тарап, қызу талқыға түсті. Бейнежазбада Топалидис Алматының бір мейрамханасында көрермендерге тіл тигізген.
Айта кетейік, Алматы полициясы бұл сөздерге заңды тұрғыдан баға беретінін айтты
– Алматы қаласының полиция Департаменті, қазіргі уақытта ПД-мен тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша істің мән-жайын анықтап, ҚР заңнамасына сәйкес шешім қабылданатынын хабарлайды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, – деп жазылған хабарламада.
Фото: скриншот
Комментариев пока нет