Алматыда сөз бостандығы үшін митинг өтті - Exclusive
Поддержать

Алматыда сөз бостандығы үшін митинг өтті

Бүгін журналистика күні қарсаңында сөз бостандығы үшін бейбіт митинг өтті.

Қатысушылардың арасында Тамара Калеева, Мұхтар Тайжан, Болат Әбілов сынды тұлғалар бар. Митингтің басты ұраны – «Сөз бостандығы – өз бостандығың».

–Біз қысым, белгілі бір материалдарды алып тастау талабы сынды дүниелерді бастан өткердік. Қаңтар көп нәрсені өзгертті, бірақ бәрі бірдей емес. Біз және Қазақстанның басқа журналистері сөз бостандығына ие болдық па? Жауап – жоқ, – деді митинг бастамашысы, танымал журналист Гүлнар Бажкенова.

Митингте оппозиционер, журналист Жанболат Мамайдың жары сөз алды.

– Жанболат түрмеде отырғанда мемлекеттік тапсырысқа тәуелді журналистердің «жаңа Қазақстан» деуі құл базардағы иесін ауыстырған пақырға ұқсайды. Былтыр жемқорлыққа қатысты фильм арқылы Байбекпен соттасқан кезде жағамыздан алған әріптестеріміз қазір «жаңа Қазақстанды» мадақтап жүр. Жанболат түрмеде, қайдағы сөз бостандығы? Сөз бостандығын билік жүйесінен ажыратып қарауға болмайды, – деді Инга Иманбай.

Митингте журналистер, белсенді азаматтар пікірін айтты. Екі сағатқа созылған жиын регламентке сай аяқталды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.