English version

Алматыдағы құрлық әскері институтының курсанты өлі күйінде табылды

Контекст дня — 3 марта 2023 17:50
0 -1

Бүгін, 3 наурыз күні құрлық әскері институтының курсанты қарауыл постынан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Exclusive.kz қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Оқиғаның мән-жайын анықтауға құрлық әскері бас қолбасшысы бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, марқұмның аты-жөні, қайдан екені айтылмаған. Ведомство дерегінше, өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайды.

Фото: qazaqstan.tv


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.