«Amanat» партиясы Премьер-Министр қызметіне Бектеновты ұсынды
Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Amanat» партиясының атынан Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет