Антикор «Қазақстан темір жолы» қызметіне қатысты тергеу жүргізеді - Exclusive
Поддержать

Антикор «Қазақстан темір жолы» қызметіне қатысты тергеу жүргізеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Талдауды Агенттіктің, Ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізетін болады.

Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенетін болады, бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді.

– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат және талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы белгілі болса, 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына 24/7 режимінде хабарлай аласыз, – делінген хабарламада.

Фото: Тұрар Қазанғапов




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.