Антикор Мұхамедиұлының даулы мәлімдемесіне жауап берді - Exclusive
Поддержать

Антикор Мұхамедиұлының даулы мәлімдемесіне жауап берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік жолмен басып алып, үшінші тұлғаларға қайта жазуға мәжбүрледі деген даулы пікіріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін «Дипломат» қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнеролик таратылды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз, – деп жазылған агенттіктің хабарламасында.

Антикор мәліметінше, Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді

Айта кетейік, қазір Мұхамедиұлына қатысты жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешіліп жатыр.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.