Қарағанды қаласындағы тұрғын үйде өрт шықты
Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 14 адам құтқарылды. Олар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
– ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар, – деп жазылған хабарламада.
Фото: скриншот
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.