Ya Metrika Fast


English version

Қарағандыда тергеу басқармасының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Контекст дня — 29 декабря 2023 18:00
0
Изображение 1 для Қарағандыда тергеу басқармасының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Рүстем Құлкеевке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкеріне іздеу жариялау туралы ақпарат пайда болды. Оны іздеумен Қарағанды облысының полиция департаменті айналысады.


Еске салайық, Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бұрынғы басшысы майнинг жабдықтарын ұрлап, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген еді. Қылмыстық істі ІІМ-нің жеке қауіпсіздік департаменті тексереді.

Фото: qamqor.gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.