Артында бала-шағасы қалған: Шахтада қаза тапқандар туралы ақпарат пайда болды
Бүгін Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада қайғылы жағдай орын алды.
Шахтада апат болып, 5 адам көз жұмды. Апат газ дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде болған.
Апат салдарынан көз жұмған азаматтар туралы ақпарат пайда болды. Ленин атындағы шахтада қаза тапқандардың тізімі:
Санжаров Андрей Павлович, 42 жаста. Жұмыс өтілі – 21 жыл, артында ата-анасы мен екі баласы қалды;
Инкин Денис Анатольевич, 38 жаста. Жұмыс өтілі – 13 жыл, артында әкесі, әйелі мен қызы, асырауындағы тағы бір адам қалды;
Бойченко Дмитрий Игоревич, 31 жаста. Жұмыс өтілі – 8 жыл, артында анасы қалды;
Қашкей Арман Қадыржанұлы, 29 жаста. Жұмыс өтілі – 8 жыл, артында ата-анасы қалды;
Ынтыбеков Марғулан Серікұлы, 26 жаста. Жұмыс өтілі – 2 ай, артында әкесі қалды.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.