Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу соты өтіп жатыр
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу соты өтіп жатыр. Бірақ журналистердің қатысуына шектеу қойылған. Сот отырысы онлайн өтіп, адвокаттар мен сотталушы Мұхамедиұлы ZOOM арқылы қосылған.
Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесіне дайындық кезінде 146 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
– Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді, – деп жазды Антикор.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет