Астана соты Ақорданың алдында наразылық білдірген азаматтарға айыппұл салды
Астана соты Ақорданың алдына барып, наразылық білдірген азаматтарға айыппұл салды. Бұл туралы наразылық акциясына қатысқан ата-аналардың бірі Бақытжан Шыңғысбеков айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Vlast сайтына сілтеме жасап.
Шыңғысбеков сот оған және Ақордаға баруға ұмтылған тоғыз адамға «Бейбіт жиын тәртібін бұзғаны үшін» 77 мың теңге айыппұл салғанын айтты.
Еске салайық, кеше Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан марқұмдардың туыстары елордаға барып, Ақорданың алдына жиналды. Олар жақындарының толық ақталуын талап еткен еді. Бірақ наразылық білдірген азаматтарды полиция ұстап әкетті.
Фото: sputnik
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.