Астанадағы ЖЭО-2-дегі апат: Энергетика министрлігі оқиғаға түсінік берді
Бүгін Астанада ЖЭО-2-де компенсаторды жарылды. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі дәл қазір екінші жылу электр орталығындағы төртінші турбина қалып режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
«Астана Энергия» АҚ 9 ақпан күні сағат 11:44 кезінде реттеу жүйесіндегі ақауға байланысты төртінші турбоагрегат өшірілгенін және компенсантор ажырап қалғанын хабарлады.
– Бұл апат емес. Барлық ақау жойылып, ТА-4 жұмыс істеп тұр. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВт. Бұл ЖЭО-2 жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ, – деп жазылған компания мәлімдемесінде.
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.