Ата-аналар жиналысының форматын өзгертеміз – Аймағамбетов - Exclusive
Поддержать

Ата-аналар жиналысының форматын өзгертеміз – Аймағамбетов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы байланысты арттыру бағытында қандай жұмыстар күтіп тұрғанын айтты.

Аймағамбетовтың айтуынша, билығы оқу жылынан бастап ата-аналар жиналысының форматы өзгереді.

– Биылғы оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысының форматын өзгертіп жатырмыз. Егер ата-ана алдына келгенде, мұғалім әр баланың қай пәнді ұнататыны, бірақ оны меңгеруде қандай проблемаға тап келіп жатқаны туралы мәлімет беріп отырса, ол ата-анаға өте маңызды ақпарат болар еді. Тек бағаны айтып шыққаннан бұл әлдеқайда тиімді. Жаңа оқу жылында осындай жұмысты қолға аламыз. Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы зерттеу жүргізді. Сол кезде оқушылардың 60 пайызының ата-анасы мектепте не үйретіп жатқанына мән бермейтіні белгілі болды. Ата-аналардың мұғалімге деген құрметі өте маңызды. Ас үйде мұғалім туралы айтылған әңгіме баланың ұстазға деген қарым-қатынасын қалыптастыруы мүмкін. Сонда оқушы-мұғалім арасындағы байланыстың жақсы болуы ұстаздың біліміне, кәсібилігіне ғана емес, ата-ананың құрметіне де байланысты, – деді министр

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *