Ya Metrika Fast


English version

Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің бірі – Тоқаев

Контекст дня — 18 декабря 2023 17:30
0
Изображение 1 для Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің бірі – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және Қатар халқын ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент болашақта дәстүрлі достық пен екі ел арасындағы бауырластық рухындағы берік ынтымақтастық жалғасын табатынына сенім білдірді.


– Бүгінде еліңіз экономикасы қарқынды дамыған, өңірлік және жаһандық тұрғыдан кеңінен мойындалған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі ретінде танылды. Әсіресе, Сіздің басшылығыңызбен жүргізіліп жатқан бітімгерлік бастамалар мен әлемдік деңгейдегі шаралар осыған дәлел бола алады. Осы тұста Сіздің сындарлы көшбасшылығыңызбен еліңіз алдағы уақытта да өркендеп, мақсат-мұраттарға жете беретініне сенімдімін. Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналып, сындарлы да мазмұнды қатынастарымыздың нығая түскенін ерекше атап өтемін. Болашақта дәстүрлі достық пен бауырластық рухындағы берік ынтымақтастығымыз жалғасын тауып, халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.