Атыраудағы «Қазақ ұлттық қыздар мектебіне» айыппұл салынды - Exclusive
Поддержать

Атыраудағы «Қазақ ұлттық қыздар мектебіне» айыппұл салынды

Атырау қаласындағы қыздарға арналған Қазақ Ұлттық мектебі сот шешімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жеке оқу орнының білім беру қызметін жүргізуге және тіркеуге рұқсаты болмаған. Сол себепті 76 575 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Блогер Нұргүл Мукушева Атырауда «сәләфилік бағытта» мектеп ашылғаны туралы ақпарат таратты. «Сәләфилік бағытта» деген мектеп қызу талқыға түсті. Атырау облысы білім сапасын қамтамасыз ету департаменті мектепке тексеріс жүргізіп, жекеменшік білім беру орнының лицензиясыз жұмыс істеп жатқанын анықтады.

Қазнет қолданушылары мектептің «сәләфилік бағытты» насихаттайтынын айтты. Мектеп басшылығы барлық айыптарды жоққа шығарды.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.