Атырауда «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су құбыры іске қосылды
Атырау облысында кешенді күрделі жөндеуден өткен «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су құбыры іске қосылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Әлихан Смайылов бейнебайланыс арқылы нысан жұмысын ресми түрде іске қосты. Аталған стратегиялық маңызы зор жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, жоба шеңберінде тозығы жеткен жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы шамамен 177 шақырым магистралды су құбырының екі учаскесі ауыстырылған.
– Біздің мақсатымыз – 2026 жылға қарай елді мекендерді 100% ауыз сумен қамтамасыз етіп, халық пен өндіріс орындарын одан әрі тұрақты су көздерімен қамтамасыз ету. Ол үшін жаңа гидротехникалық құрылыстар мен су құбырларын салу және қазіргі құбырларды жаңғырту бойынша жобалар іске асырылып отыр. Елді мекендерге су тарату желілері салынуда, ал шалғай ауылдарда жер асты көздерінен сорғы модульдері орнатылып жатыр. Алдымызда әлі де көп жұмыс бар, – деп атап өтті Смайылов.
Фото primeminister.kz



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.