Атырауда сәләфилік бағыттағы жеке меншік мектеп ашылды - Exclusive
Поддержать

Атырауда сәләфилік бағыттағы жеке меншік мектеп ашылды

Атырауда сәләфилік бағыттағы жеке меншік мектеп заңсыз жұмыс істеп жатыр. Бұл мектептің ашылғаны туралы блогер Нұргүл Мұқашева хабарлады.

AtPress мәліметінше, мекеме «ұлттық қыздар мектебі» деп аталады. Мектепте қыздар хиджаб пен дәстүрлі араб киімін киеді.

Блогердің айтуынша, сәләфилік бағыттағы оқу орнының негізін қалаушылар – сәләфилік идеологияны кеңінен насихаттайтын Түрікменстаннан келген Есбосын Асан мен Розиев Мұрат. Есбосын Асанның бұрын сотталғаны белгілі болды.

Блогер мектептің қызметі туралы полицияға хабарлаған. Полиция департаменті оған мекеменің қызметін Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті тексеретінін айтқан.

– Аталмыш жеке ұйымға өкілетті органдардан лицензия берілмегендігін хабарлаймыз. Қазіргі таралған ақпарат негізінде тексеру жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Айта кетейік, Қазақстан зайырлы мемлекет болып саналады және барлық ұйымдар, соның ішінде жеке білім беру ұйымдары да қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті, – делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.