Ауыл шаруашылығы министрі жұмыртқа бағасына қатысты мәлімдеме жасады
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыртқа бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Министрдің айтуынла, қазір жұмыртқа бағасы 500 теңгеден асып кеткен. Бірақ баға сол күйінде қалады. Себебі 1 мамырдан бастап жеке шаруашылықтар жұмыртқа шығара бастайды.
– Әдетте құс фабрикалары сата алмай жатады. Біз әзірге жарты жылға шектеу қойып отырмыз. Бірақ баға көтерілмейді, қолдау бар, біз сол бағаны ұстап тұруға тырысамыз, – деді министр Сапаров.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.