English version

Ауыз суға бөлінген қаржыны жымқырған шенеуніктер сотталды

Контекст дня — 21 июля 2023 18:00
0 -1

«Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-нің экс-басшысының 6,5 миллион теңге ұрлау фактісін Қордай ауданының прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz аудандық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыбастау ауылында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы «М», «Қордай су» МКК директоры «К» және кәсіпкер «Е» құжаттар бойынша құны 12,3 миллион теңгені құрайтын су мұнарасын салуы тиіс болған. Бірақ нысанды егжей-тегжейлі талдау және визуалды қарау су мұнарасы салынбаған болып шықты.

– Нәтижесінде, тергеу барысында тараптар 6,5 миллион теңгені иемденіп, өзара бөлісіп, ауыл тұрғындарын өздігінен ағып жатқан суды пайдалануына қалдырғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы ҚК-тің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорларына берілді. Тергеу аяқталғаннан кейін, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қордай аудандық сотының 18.07.2023 жылғы үкімімен «М» ҚК-тің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер «Е» ҚК-тің 28-бабы 5-бөлігі — 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Заңсыз игерілген ақша толығымен мемлекетке қайтарылды, – деп жазылған хабарламада.

Фото: Қордай ауданының прокуратурасы


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.