Ya Metrika Fast


English version

Қазақша ән қоюдан бас тартқан «Пинта» пайдасын ойлады ма?

Контекст дня — 16 марта 2023 17:50
0
Изображение 1 для Қазақша ән қоюдан бас тартқан «Пинта» пайдасын ойлады ма?

Алматыдағы «Пинта» мейрамханалар желісі мемлекеттік тілде музыка қоюдан бас тартқан. Әлеуметтік желіде мейрамханалар желісінің музыканттары чатынан сурет тарады. Чатта музыкантқа қазақ тілінде ән орындауға тыйым салынғаны, орыс тілінде әр блокта бір ғана ән орындауға рұқсат етілгені жазылған, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Мейрамхана қонақтары мемлекеттік тілдегі әндер не себепті орындалмайтынын сұрады. Пинта ресми жауап ретінде мейрамханадағы музыка тек «ағылшынша және орысша болады деген ұстанымы» барын айтты.

Қазақ тіліне қатысты шу шыққаннан кейін мейрамхананың Instagram парақшасында қазақ тіліндегі мәзір пайда болды. Сондай-ақ парақшадағы 11 жарияланым да мемлекеттік тілге аударылған.


Мейрамхана өкілдерінің әр жұма және сенбі күндері барлық мейрамханада музыкалық ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, қаланың үздік музыканттары мен dj-лері өнер көрсететінін хабарлады. Сондай-ақ қазақ тіліндегі танымал әуендер де орындалады.

Фото: wikicity.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.