Ya Metrika Fast


English version

Қазақстанға кіруге тыйым салынған «Лесли» Алматыға келе жатыр

Контекст дня — 18 ноября 2022 17:30
0
Изображение 1 для Қазақстанға кіруге тыйым салынған «Лесли» Алматыға келе жатыр

Ресейлік пикапер Кириллов Александр «Алекс Лесли» лақап атымен танымал блогерге Қазақстанға бір жылға кіруге тыйым салынды. Бұл туралы 16 қарашада Алматы полиция департаменті хабарлаған еді.

– Алматы қаласының Полиция департаменті қабылданған шаралармен Ресей Федерациясының азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғанын мәлімдеді, – делінген хабарламада.

Бірақ бүгін Алекс Лесли өзіне Қазақстанға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол Қазақстанға келе жатқанын мәлімдеді.


ІІМ көліктегі полиция департаменті тексеріс жүргізіп, жағдайды бақылап отыратынын хабарлады.

– Тексереміз, авиакомпаниялар бұл жағдайдан хабардар емес. Жағдай бақылауда, Александр Кирилловқа Қазақстанға кіруге тыйым салынады, – деп түсіндірді департамент өкілі Ләззат Қасымжанова.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 2 для Қазақстанға кіруге тыйым салынған «Лесли» Алматыға келе жатыр
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.