Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Париж олимпиадасына жолдама алды
Қазақстандық спортшылар көркем жүзуден Париждегі Олимпиадада өнер көрсетеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Спорт комитетінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
Көркем жүзуден спортшылар арасында Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия иелері анықталды.
Дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері ретінде Олимпиадаға өтті.
Олимпиаға қатысу квоталарын АҚШ, Испания, Жапония, Италия және Канада құрамалары иеленді.
Фото: instagram.comcommittee_sport
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.