Ya Metrika Fast


English version

Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді

Контекст дня — 1 января 2024 16:30
0
Изображение 1 для Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) Қазақстан Республикасы төрағалық етеді. Бұл туралы бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Тоқаев 2023 жылдың желтоқсан айында Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Қазақстан төрағалығы кезінде Ұйым қызметі бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты ұсынды.


– Бірінші, ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік саласында мүдделі елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату. Біріккен Ұлттар Ұйымымен және оның құрылымдарымен арада қалыптасқан ықпалдастық деңгейін сақтауға баса мән беруді ұсынамыз. Бұл жұмыс 2010 жылдың 18 наурызында ҰҚШҰ мен БҰҰ хатшылықтары арасында қол қойылған Ынтымақтастық туралы бірлескен декларация негізінде жүргізіледі. ТМД мен ШЫҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді құптаймыз. «ҰҚШҰ-ның ТМД-мен және ШЫҰ-мен ынтымақтастығын нығайту жөніндегі практикалық шаралар» атты құжатта оның нақты қадамдары айқындалған, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.