«Қазақстан» шахтасындағы апаттың себептерін арнайы комиссия тексереді
Қарағанды облысындағы шахтада өрт болып, салдарынан 5 адам қаза тапқан қайғылы жағдайды арнайы тергеу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комиссия құрды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Бұл комиссияға Мұса Танабаев жетекшілік ететін болды.
– Комиссияның құрамына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арман Абылқасымов, Қарағанды облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Саяш Ахметов, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиев, Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар және басқалар кірді, – деп жазылған хабарламада.
Фото: tengrinews.kz
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.