Қазақстан қысқы жылыту маусымына дайын ба? – министр жауабы
Бүгін мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевты қабылдап, министрдің есебін тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, министр энергетика саласын дамытудың негізгі мәселелері мен еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы 10 айдағы көрсеткіштері, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика бағыттарындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.
– Аталған кезең ішінде Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 74,8 миллион тоннаны, ал мұнай өнімдерінің өндірісі 11,2 миллион тоннаны құрағанын жеткізді. Сонымен қатар 48,7 миллиард текше метр газ, 93,5 миллиард кВт/cағ электр қуаты және 15,35 мың тонна уран өндірілгенін айтты. Қысқы жылыту маусымы қалыпты өту үшін қосымша бақылау орнатылғаны туралы ақпарат берді, – деп жазылған хабарламада.
Тоқаев жылыту маусымының барысын және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобаларының іске асырылуын айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен және сұйытылған мұнай газымен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.