Қазақстанда республикалық маңызы бар екі жол жабылды
Жамбыл облысы мен Жетісу облысында боран мен қалың қардың салдарынан Республикалық маңызы бар екі трассада көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Қазавтожол мәліметінше, Жамбыл облысында Алматы – Ташкент – Термез (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) трассасының 95 шақырымдық бір учаскесі жабылған.
Жетісу облысында да бір учаскедегі көлік қозғалысы шектелді. Үшарал – Достық тас жолы Көктұм станциясынан Достық станциясына дейін жабылды. Көлік қозғалысы шектелген учаскенің ұзындығы 100 км құрады.
Айта кетейік, жолдағы қозғалысты қалпына келтіру үшін 288 арнайы техника жұмылдырылды.
Фото: ҚР ТЖМ
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.