Ya Metrika Fast


English version

Қазақстанда жанар-жағармай қымбаттайды – Ақшолақов

Контекст дня — 3 апреля 2023 17:50
0
Изображение 1 для Қазақстанда жанар-жағармай қымбаттайды – Ақшолақов

Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов бензин мен дизель отыны қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Ішкі жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығын азайту қажет. Сондықтан біз қиын, бірақ қажетті қадам жасауымыз керек: АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге баға литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін жеткізілмек (өңірге байланысты), өсім — 11 пайыз. Дизель отынының бағасы литріне 295 теңгені құрайды, орташа есеппен өсім — 20 пайыз. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр. Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады, – деді Ақшолақов.


Министр төмен бағаларды сақтап отырған жағдайда қанша жанармай өндіргенмен барлық сұранысты қамтамасыз ету мүмкін емес.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.