Қазақстандық саясаткерлер жалпыұлттық митинг өткізбек
Бірқатар қазақстандық саясаткерлер жалпыұлттық митинг өткізу туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Exclusive.kz КазТаг-қа сілтеме жасап.
– Жалпыұлттық наразылық митингі болмаса, демократияға жол ашылмайды, – деді саясаткер Мұхтар Тайжан жұма күні өткен баспасөз мәслихатында.
Қоғам қайраткері Әлнұр Ильяшев Алматы мәслихатына сайлау қорытындыларының күшін жою үшін негіздер бар екенін мәлімдеді.
– Сайлау туралы заңда екі күн ішінде, екі күннен кешіктірмей мәслихат сайлауының нәтижелері жариялануы керек деп көрсетілген. Бүгін 24 наурыз. Екі-үш күн өтті, нәтиже жариялану керек еді. Бұл нақты факт және сайлаудың күшін жоюға негіз болады, – деді ол.
Саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлы «халық Парламенті» құрылғанын мәлімдеп, жұмыс тобына барлық белсенділер мен энтузиастар кіре алатынын хабарлады.
– Біз митинг өткізуіміз керек, сайлау заңсыз болды және жаңа сайлау өткізуді талап етеміз. Әрі қарай біз халық Парламентін құруымыз керек. Оның құрамында халық атынан: Тайжан, Ержанов, Иманбай және барлық белсенділер болады, – деді Рысбек Сәрсенбай.
Фото: скриншот



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.