Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа-райы жағдайларына байланысты 4-6 желтоқсан аралығында еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
РМК «Қазгидромет» хабарлауы бойынша дауылды ескертулер төмендегідей:
Астана қаласында 4 желтоқсанда түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.
Шымкент қаласында 4 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
4 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
4 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыстын жел соғады, түнде облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Айта кетейік, еліміздің басқа да өңірлерінде жауын-шашын, қатты жел, қар күтіледі.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.