Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды
Президенттің жарлығымен Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылған.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, – деп жазылған Жарлық мәтінінде.
Премьер-министрі Әлихан Смайылов Сыртқы істер министрлігінің ұжымына жаңа басшы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді таныстырды.
– СІМ жұмысының нәтижесі бәрімізге тікелей әсер етеді. Президент ведомство алдына маңызды мақсаттар қойды, ұжымға оларға қол жеткізуде табыс тілеймін, – деді Үкімет басшысы.
Фото: Ukimet



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.