БҚО-да 40 миллион пара алған шенеунік ұсталды
Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 40 миллион теңге пара алған.
24.kz мәліметіне сәйкес, аудит бөлімінің бас маманы салықтық тексеру қорытындысы бойынша ақпаратты жасырғаны үшін пара алған.
Енді тәртіп бұзушыға параның 70 еселенген сомасынан айыппұл төлеуге тура келеді. Олай болмаған жағдайда, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Сондай-ақ, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс сотқа жіберілді.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет