Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды
Бұрхан Жансейітов үйқамаққа алынды. Бұл туралы Алматы қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
– Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Бұрхан Жансейітов 2 ай мерзімге 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялаудан бас тартылды, – деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, Жансейітов 15 шілдеде күні Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталды.
Сондай-ақ, Республикалық адвокаттар алқасы Бұрхан Жансейітовтің адвокат емес екенін мәлімдеді.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет