Бәрі өтірік, Батысқа сенуге болмайды – Ердоған
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Батыс елдерінің саясатына сенбеу керек деп мәлімдеді.
Түрік басшысы Грециядағы американдық базалар «Ресейге қарсы» деген сенімге осылай жауап берді.
– Біз олардан осы базаларды не үшін салғанын сұрағанда, олар Ресейге қарсы амал деп жауап береді. Ал сіздер Украина үшін не істедіңіздер? Мұның бәрі өтірік. Батысқа сенуге болмайды, — деді ол.
Бұл ретте Ердоған Түркияның батыс елдерімен ғылым мен мәдениет салаларында өзара іс-қимыл жасай алатынын айтты.
Бұл екі елдің қарым-қатынасы соңғы жылдары аумақтық дауларға байланысты айтарлықтай нашарлады. Өткен аптада Ердоған Грециямен барлық екіжақты келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеген.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет