Бахыт Жаханов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Бахыт Жаханов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Облыс әкімі Бахыт Жахановтың қызметіне сәттілік тілеп, сенім білдірді.
– Бахыт Дүйсенұлы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтіп, басқарушылық лауазымда мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр. Бұған дейін де басқарма басшысы, аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары лауазымдарында нәтижелі қызмет көрсеткен. Іскер басшы ретінде өз жұмысын жоғары деңгейде атқарады деп сенемін, – деді аймақ басшысы.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.